Украинаның екі дүркін чемпионы "Шахтермен" келіссөз жүргізіп жатыр

Ол бұған дейін 2015 жылы Қазақстан біріншілігінде өнер көрсеткен болатын.

Украиналық шабуылшы Руслан Фомин қарағандылық "Шахтермен" келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 31 жастағы шабуылшы жуық арада "кеншілермен" келісімшартқа қол қояды деп күтілуде. 

Отанында Фомин "Шахтер" (Донецк), "Металлист" (Харьков), "Черноморец" (Одесса) секілді клубтардың намысын қорғаған. Донецкілік клуб сапында екі рет Украина чемпионы атанды. Жалпы ол клубтың сапында Фомин 22 кездесуге қатысып, 2 гол соққан. 

Сонымен қатар Фомин әзірбайжандық "Габала" және грекиялық "Апаллон" клубтары сапында өнер көрсеткен. Оның соңғы клубы "Мариуполь" болды. Бұл клуб сапында шабуылшы 36 кездесуге қатысып, 14 гол соққан. 

Руслан Фомин бұған дейін Қазақстан біріншілігінде өнер көрсетті. 2015 жылы ол "Атырау" сапында ойнады. 12 кездесуге қатысып, гол соға алмады. 

2006 жылы шабуылшы Украина жастар құрамасымен бірге Еуропа біріншілігің қола жүлдегері атанды. Украина жастар құрамасы сапында ол 20 кездесуге қатысып, 7 гол соққан. 








  0