Аршавин, Иличевич және Жуков "Қайраттың" Түркия жерінде жаттығу жұмыстарына аттанды

Бұл жаттығу жиындары кезінде "Қайрат" болгариялық "Лудогорецпен" жолдастық кездесу өткізеді.

Алматылық "Қайрат" өзінің ресми сайтында Түркия жеріне оқу-жаттығу жұмыстарына аттанған футболшылардың тізімін жариялады. 

Оқу-жаттығу жұмыстары 5 ақпанға дейін жалғасады. Бұл жаттығу жиындары кезінде алматылық клуб үш жолдастық кездесу өткізеді. "Қайраттың" қарсыластары туралы мына жерден көре аласыздар. 

Жалпы Түркия жерінде жиынға 27 футболшы аттаныпты. 

Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов, Илья Караваев

Қорғаушылар: Станислав Лунин, Тимур Рудосельский, Седрик Гогуа, Елдос Ахметов, Ян Вороговский, Гафуржан Сүйімбаев, Александр Соколенко, Нуралы Әліп, Ермек Қуантаев, Шелдон Бато

Жартылай қорғаушылар: Магомед Парагульгов, Исаэль Барбоза, Акош Элек, Георгий Жуков, Исламбек Қуат, Рифат Нурмугамет, Айбол Әбікен, Бауыржан Исламхан, Иво Иличевич, Максим Котов, Андрей Аршавин

Шабуылшылар: Чума Анене, Вячеслав Швырев, Самат Сәрсенов

















Суреттер "Қайрат" клубының ресми сайтынан алынды.




  0