"Қайрат" Түркияда "Ертістің" бұрынғы бас бапкері Димитар Димитровтың командасымен жолдастық кездесу өткізеді

"Қайрат" жаттығу жиындары кезінде үш жолдастық кездесу өткізетін болды.

Алматылық "Қайрат" Түркия жерінде өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындары кезінде үш жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Карлос Феррердің тәлімгерлері 28 қаңтар күні болгариялық "Лудогорецпен", 1 ақпан күні питерлік "Динамо" және 4 ақпан күні "Вождовац" клубымен кездеседі. 

Еске салайық, "Қайрат" клубы 23 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жұмыстарын өткізеді.

Айта кетейік., "Қайрат" жаңа маусым алдындағы бірінші жаттығу жұмыстарын 4 және 18 қаңтар аралығында Алматыдағы клубтың базасында өткізді. Ол кезде клуб сапында жалдан қайтып келген бірнеше жас футболшылар болды. Бірақ "Қайраттың" басты жұлдызы ресейлік Андрей Аршавин ол жиындарға қатысқан жоқ.




  0