ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы екі саты жоғарылады



Футболдан Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде екі саты жоғарылады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Биыл біздің құрама бірде-бір кездесу өткізген. Соған қарамастан жаңартылған тізімде Қазақстан ұлттық құрамасы 98-орыннан 96-орынға көтерілді. 

Рейтингтің бірінші ондығында бір ғана өзгеріс бар. Франция құрамасы алтыншы орында тұрған Колумбия құрамасын бір саты төмен түсіріп, алтыншы орынға жайғасқан. Көш басында Аргентина құрамасы. Екінші орында Бразилия тұрса, үздік үштікті Германия құрамасын түйіндеп тұр. 

ФИФА рейтингі: 

1 (1). Аргентина - 1 635 ұпай,
2 (2). Бразилия - 1 529,
3 (3). Германия - 1 433,
4 (4). Чили - 1 386,
5 (5). Бельгия - 1371,
6 (7). Франция - 1 313,
7 (6). Колумбия - 1304,
8 (8). Португалия - 1240,
9 (9). Уругвай - 1 195,
10 (10). Испания - 1 168,

96 (98). Қазақстан — 352

Айта кетейік, 22 наурызда Қазақстан ұлттық құрамасы Кипрмен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Никосиядағы GSP стадионында өтеді. Ал араға төрт күн салып, Ереванда Армения құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. 




  0