"Ертіс" бразилиялық футболшымен толықты



Футболдан ел біріншілігінде өнер көрсететін павлодарлық "Ертіс" клубы бразилиялық жартылай қорғаушы Родриго Антонио до Насиментомен толықты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды. 

29 жастағы футболшы "Ертіс" сапына еркін агент ретінде, яғни тегін қосылған екен. Өткен маусымды Родриго Антонио израильдік "Бней-Сахнин" командасының сапында өнер көрсеткен. 

Жалпы жартылай қорғаушы карьеарасын бразилиялық "Васко да Гама" клубынла 2006 жылы бастаған. Сондай-ақ Родриго Антонио италиялық "Брешиа", португалиялық "Маритиму", "Белененсеш", "Ольяненсе", "Пасуш де Ферейра" және бразилиялық "Ипанинга" клубтарының намысын қорғаған. 



  0