Джолчиев "Ақтөбемен" жаттығып жүр

Футболшы клубпен жақын күндері келісімшарт жасауы мүмкін.

Бір жыл футболдан тыс қалған Бауыржан Джлчиев өзіне команда таппкен секілді. Жартылай қорғаушы қазіргі уақытта "Ақтөбе" сапында жаттығып жүр, деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы футболшы Түркия жерінде жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан "Ақтөбе" клубы сапында жүр. Бірақ ол Қазақстанның бес дүркін чемпиондарымен келісімшарт жасамаған. 

Еске салайық, өткен маусымда Джолчиев мүлде ойнаған жоқ еді. Бейресми дерек бойынша, өткен жылы Бауыржанға "Ертіс", "Ордабасы" секілді клубтар қызығушылық білдіріпті. Бірақ футболшы бұл клубтармен келісе алмаған. 








  0