"Ордабасы" "Шахтермен" тең түсті



Шымкенттік "Ордабасы" Түркия жерінде өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындары барысында донецкілік "Шахтердің" дубльімен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Спайс" қонақ үйінің алаңында өткен кездесу 1:1 есебмен тең аяқталды. "Ордабасы" сапында Рахматулла Жақұдаев гол соқса, украиналық клуб сапында оман Яловенко көзге түсті. 

"Ордабасы" — "Шахтер" (Донецк, Украина) 1:1 (1:1)
Голдар: Яловенко 5 (0:1), Жақұаев 20 (1:1)
"Ордабасы": Нұрмұхаметов (Бондаренко 46), Тұрсынбай, Ерланов, Мухтаров (Мвесигва 46), Қайқыбасов, Гогуа (Пасечник 46), Адырбеков, Миятбек, Әшірбеков, Жақсылык (Абдулин 46), Жақұдаев.


  0