"Арсенал" ойыншысы "Қайрат" сапында бақылаудан өтіп жатыр

Костарикалық футболшы "Қайрат" сапына өсы аптаның басында қосылыпты.

Тулалық "Арсенал" клубының жартылай қорғаушысы Фелисио Браун Форбс Түркия жерінде жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан алматылық "Қайрат" клубының сапында бақылаудан өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін ресейлік БАҚ  25 жастағы футболшы бапкерлердің көңілінен шықпағандықтан, "Арсенал" оны трансферге қойғаны туралы хабарлаған еді. Бірақ футболшының тулалық клубпен әлі 1,5 жылдық келісімшарты бар. 

Айта кетейік, Форбс "Арсенал" сапына 2016 жылдың қысында "Ростов" клубынан еркін агент ретінде ауысқан еді. Осы уақытқа дейін ол тулалық клуб сапында 14 кездесу өткізіп, 2 гол соққан. 

"Арсеналдан" басқа бұл футболшы Германия Бундеслигасында өнер көрсететін "Нюрнберг" және "Франкфурт", ресейлік "Крылья Советов" пен "Уфа" клубтарында ойнаған. 2014 жылы Коста-Рика құрамасы сапындағы бірінші кездесуін өткізді. 


  0