"Ордабасы" донецкінің "Шахтерімен" кездеседі



Түркия жерінде оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан шымкенттік "Ордабасы" жиын барысында донеукілік "Шахтер" клубымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Кездесу 8 ақпанға жоспарланған .Ойын Астана уақытымен 14:00-де басталады. 

Айта кетейік, бұл кездесуден бөлек "Ордабабасы" тағы бір жолдастық кездесу өткізеді. Тарқатып айтсақ, шымкенттік ұжым 10 ақпан күні ташкенттік "Локомотив" клубына қарсы ойын өткізеді. Бұл матч та Астана уақытымен 14:00-де басталады. Содан кейін команда Шымкентке қайтып келеді. 

Команданың келесі жаттығу жиындары 15 ақпанға жоспарланып отыр. 



  0