"Ақтөбенің" жартылай қорғаушысы Неймар және Роналдиньомен кездесті

Витор Жуниор Неймарды туған күнімен құттықтады.

Футболдан ел біріншілігінде өнер көрсететін "Ақтөбе" клубының жартылай қорғаушысы Витор Жуниор танымал бразилиялық футболшылар Неймар және Роналдиньо Гаушомен кездесті, деп хабарлайды KazFootball.kz

Басылымның таратқан мәліметі бойынша, Витор Жуниор қазір Барселона қаласында екен. Осы қалада өткізіп жатқан демалысы барысында ол "Барселона" клубының шабуылшысы Неймармен кездесіп, туған күнімен құттықтаған. Сонымен қатар ол каталониялық клубтың елшісі Роналдиньомен кездесіпті. 



Айта кетейік, 30 жастағы жартылай қорғаушы "Ақтөбе" клубымен өткен айда келісімшарт жасап, "СКА" клубына қарсы өткен кездесуде гол соғып та үлгерді. 







  0