Кабананга Африка ұлттары кубогының таңдаулылар құрамына ілінді

Кабананга Бассогогпен бірге символикалық құрамның шабуылшылары қатарына қосылды.

Африка футбол қауымдастығы өзінің ресми сайтында Габонда өткен Африка ұлттары кубогының символиякалық құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Тек мықты деген футболшылардан құралған бұл таңдаулылар құрамына Конго Демократиялық Республикасы мен елордалық "Астана" клубының шабуылшысы Жуниор Кабананга қосылды. Айта кетейік, бұл турнир барысында шабуылшы үш гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанған болаттын. 

Африка ұлттары кубогының симколикалық құрамы:
Қақпашы: 
Фабрис Ондоа (Камерун).
Қорғаушылар: Кара Мбодж (Сенегал), Ахмед Хегази (Мысыр), Мишель Нгаду-Нгаджи (Камерун)
Жартылай қорғаушылар: Шарль Каборе және Бертран Траоре (екеуі де - Буркина-Фасо), Дэниэл Амарти және Кристиан Атсу (екеуі де - Гана), Мохаммед Салах (Мысыр).
Шабуылшылар: Кристиан Бассогог (Камерун), Жуниор Кабананга (Конго ДР).

Турнирдің ең үздік футболшысы Бассогог атанды. Ал финалдың үздік ойыншысы камерундық Бенжамен Муканджо атанса, Fair Play жүлдесін Мысыр құрамасына бұйырды. 




  0