"Барселонаның" тәлімгері "Ертіс" сапында бақылаудан өтуде

Жартылай қорғаушы "Ертіс" сапында бір ойын өткізіп үлгерген.

Алматылық "Қайраттың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Сито Риера павлодарлық "Ертіс" клубы сапында бақылаудан өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz

30 жастағы испаниялық футболшы каталониялық "Барселона" клубының тәлімгері. Осы уақытқа дейін Қазақстан біріншілігінде "Қайрат" сапында өнер көрсеткен. Алматылық клуб сапында 41 ойынға қатысып, 4 гол соққан. Өткен маусымның ортасында ол "Қайрат" сапынан польшаның "Шленск" клуына ауысқан еді. 

Спорттық карьерасында ол испаниялық "Барселона", "Эспаньол" грекиялық "Пантракикос" және "Панионис", украиналық "Черноморец" клубтарының намысын қорғаған. 

Кеше, 5 ақпан күні Риера "Ертістің" "Трепча-89" клубына қарсы өткізген жолдастық кездесуіне қатысқан. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, жартылай қорғаушы жуық арада павлодарлық клубпен келісімшарт жасайды. 







  0