"Ақтөбе" украиналық клубпен жолдастық кездесу өткізеді



Түркия жерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан "Ақтөбе" футбол клубы украиналық "Сталь" командасымен жолдастық кездесу өткізеді.Бұл туралы "Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі мәлім етті.

"Ақтөбе" мен "Сталь" арасындағы жолдастық матч 13 ақпан күні өтеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Игорь Рахаев баптайтын ұжым араға 5 күн салып ресейлік "Амкар" клубымен кездеспек. Осы оқу-жаттығу жиынында "ақ-қызылдар" бес жолдастық кездесу өткізеді.


  0