"Астананы" бұрынғы футболшысы Бранко Илич отанына оралды



Елордалық "Астана" футбол клубының бұрынғы қорғаушысы Бранко Илич мансабын Словения чемпионатында жалғастырады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

33-жастағы футболшы "Олимпия" клубының жейдесін киді. Келісімшарт мерзімі 2,5 жылға жасалған.

Өткен жылдың қаңтарынан бері Бранко Илич жапониялық "Урава Ред Даймондс" командасының сапында өнер көрсеткен болатын. Ал 2015 жылғы маусымда "Астана" құрамында 21 кездесуде алаңға шыққан. Оның тоғызы ҚПЛ аясында болса, 12 матчты Чемпиондар Лигасында өткізген.


  0