"Ордабасыны" ресейлік маман жаттықтыратын болды

Команданы жаңа маусымға ресейлік маман Алексей Петрушин дайындайды.

Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубына жаңа жаттықтырушы тағайындалды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Команданы жаңа маусымға ресейлік маман Алексей Петрушин дайындайды. Жаттықтырушы үшін Қазақстан премьер-лигасы таңсық емес. Ол 2004 жылы "Қайратпен" ел чемпионы атанған. 2014 жылы Семейдің "Спартак" командасын жаттықтырған.

Алексей Петрушин мен команда арасындағы келісімшарт негізі жарияланған жоқ. Қазіргі таңда жаттықтырушы команданы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жаңа маусымға дайындауда.

65 жастағы Алексей Петрушин "Қайрат" пен "Спартактан" өзге Мәскеу мен Минскінің "Динамосын", Туланың "Арсенал", сондай-ақ "Шинник", "Химки" және өзге командаларды жаттықтырған тәжірибелі маман. Ал футболшы ретінде жасында "Динамо Мәскеу" мен "Пахтакор" клубтарында ойнаған.

Айта кетейік, осыған дейін "Ордабасыны" Бахтияр Байсейітов жаттықтырып келген еді. Қаңтар айында ол клуб президенті болып сайланды.


  0