Финонченко карьерасын аяқтады

Андрей Финонченко "Шахтер" сапында 434 кездесу өткізіп, 126 мәрте гол соққан.

Қарағандылық "Шахтер" клубының ардагер ойыншысы Андрей Финонченко футболшы мансабын аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

34-жастағы шабуылшы футболшы ғұмырын тек қарағандылық ұжымның сапында өткізген. Алдағы маусымнан бастап бутсысын шегеге іліп, бапкерлік қызметті атқарады. Финонченко өзінің туған командасының бас бапкерінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, Андрей Финонченко "Шахтер" сапында 434 кездесу өткізіп, 126 мәрте гол соққан. Қазақстанның үздік футболшысы, үздік сұрмергені атанған. Сонымен қатар, екі мәрте ел біріншілігінің чемпионы болды. Оған қоса, қоржынында ел Кубогы мен Суперкубогы бар. Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында 20 мәрте алаңға шығып, 5 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген.


  0