Кержаков "Қайратқа" ауысуы мүмкін деген мәліметке байланысты пікір білдірді

"Қайрат" расында ресейлік шабуылшыға ұсыныс жасапты.

Ресейлік "Зенит" командасының шабуылшысы Александр Кержаков өзінің бұрынғы әріптесі Андрей Аршавин өнер көрсететін алматылық "Қайрат" клубынан ұсыныс болғаны турасында пікірін білдірді.

"Жаңа жылдың алдында Аршавинмен хат алмастым. "Қайрат" жайлы әңгіме болмады. Қазақстандық командаға ауысуым туралы ақпарат ешқандай шындыққа жанаспайды. Мен "Зенитте" бақытты екенімді және алдағы уақытта осы командада өнер көрсеткім келетінін бірнеше мәрте айтқан болатынмын. Мүмкін біреуге мен жайында қауесет шыққаны қажет болған шығар. "Зениттің" екінші оқу-жаттығу жиынына аттанған футболшыларының қатарында менің есімім болмағандықтан кейбір БАҚ өкілдері арасында түсініспеушілік пайда болды", - дейді Кержаков "Советский спорт" сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, біраз уақыт бұрын ресейлік БАҚ Александр Кержаковтың қазақстандық "Қайрат" клубына ауысуы мүмкін деп ақпарат таратқан еді. Басты себеп, 34-жастағы ардагер футболшы мен петерборлық команданың бас бапкері Мирча Луческудың арасында болған келіспушіліктер болған.


  0