Қазақ футболының географиясы кеңеюде. Парагвайдан футболшы алдыртып жатырмыз

Нельсон Бараона "Оқжетпеспен" келісімшарт жасайын деп жатыр.

Қазақстан Премьер-лигасында бірінші рет парагвайлық футболшы өнер көрсетуі мүмкін. Dia a Dia порталының мәліметі бойынша, Парагвай құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Нельсон Бараона алдағы уақытта көкшетаулық "Оқжетпес" сапына қосылуы мүмкін. 

Басылымның таратқан мәліметі бойынша, Нельсон Бараона Түркия жерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан "Оқжетпес" сапына қосылған екен. Алдағы уақытта ол қазақстандық клубпен келісімшарт жасайды. 

Бараонаның соңғы клубы колумбиялық "Альянса Петролера" болған еді. Өткен маусымды жартылай қорғаушы бұл команданың сапында 29 кездесуге қатысып, 3 гол соққан.

29 жастағы шабуылшы карьерасында он клубта ойнаған. Тарқатып айтсақ, "Арабе Унидо" және "Сан-Франциско" (екеуі де Парагвай), "Феникс" (Уругвай), "Агилас Перейра", "Атлетико Уила", "Альянса Петролера", "Индепендьенте Медельин"  (төртеуі деКолумбия), "Каракас" және "Депортив Тачира" (Венесуэла). 

Жалпы соңғы жеті маусымда бұл футболшы бұл командалардың сапында 216 кездесу өткізіп, 20 гол соққан. 

Сондай-ақ ол 2007 жылы Парагвай жастар құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысқа. Ал ұлттық құрамасы сапынла 46 кездесу өткізіп, 4 гол соққан. 







  0