"Алтай" Премьер-лигадан шығып, "Тараз" қайта оралады

"Алтай" биыл ғана Премьер-лигаға жолдама алған еді.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы шығыс қазақстандық "Алтай" футбол клубын Премьер-лигаға қатысатын командалардың арасынан шығарып тастады. Бұл туралы KazFootball.kz порталы хабарлап отыр. 

Биыл ғана Премьер-лигаға жолдама алған клубты ел біріншілігінен шығарудың басты себебі команда сертификатының дұрыс болмауы екен. Тарқатып айтсақ, клуб жастар мен жасөсіпірімдер және 9 жас мөлшерінде 14 команда құруы керек болған. Бірақ клуб бұл талаптарды орындамаған. 

Сонымен қатар клубтың Екінші лигада өнер көрсететін құрамы да болуы керек. Алайда "Алтайда" ол да жоқ. 

Басылымның таратқан мәліметі бойынша, "Алтайдың" орнын алдағы уақытта Премьер-лигада "Тараз" басады екен. 




  0