Елдос Ахметов пен Андрей Горбанец ел біріншілігінің ең дөрекі футболшылары атанды

Ел біріншілігінде ең дөрекі ұжым ретінде "Тобыл" тіркеліп тұр.

Алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Елдос Ахметов пен жамбылдық "Тараздың" ойыншысы Андрей Горбанец футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ең дөрекі футболшылары атанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Тәртіпті бақылау комитеті "Қайраттың" қорғаушысы Елдос Ахметовты алдағы жеті ойыннан шеттеткені белгілі болған еді. Қорғаушы 29 тур аясында павлодарлық "Ертіспен" ойында төрешінің таратыпа бейәдеп сөз айтып, алаңнан қуылған еді. Осылайша, Ахметов биылғы маусымда енді командасына көмектесе алмайды. 

Жалпы биылғы маусымда "Қайрат" футболшылары осымен төртінші рет алаңнан қуылып отыр. Олардың ішінде Елдос Ахметов екінші рет алаңнан қуылды. Бұл қорғаушыдан бөлек, алматылық клуб сапында Сезар Арсо мен Александр Соколенко қызыл қағаз алды. 

Биылғы маусымда "Оқжетпес" пен "Тараз" футболшылары төрт қызыл қағаз алды. Ал жамбылдық клубпын футболшысы Андрей Горбанец Ахметов секілді алаңнан екі рет қуылды. 

Бірақ ел клубтары арасындағы ең дөрекі ұжым ретінде "Тобыл" тіркеліп отыр. Қостанайлық клуб сапында бес футболшы (Жаслан Молдақараев, Артурас Жулпа, Алексей Щеткин, Сергей Малый, Томаш Шимкович) алаңнан қуылған. 

Ал ең тәртіпті ойнайтын команда - елордалық "Астана" екен. Стойлов шәкірттері биыл бір де бір рет алаңнан қуылмады. 

Айта кетейік, 14 қазан күні Ақтөбеде Қазақстан кубогының финалы өтеді. Кубокты "Қайрат" пен "Атырау" сарапқа салынады. Ал 15 қазан күні ел біріншілігінің соңғы ойындары өтеді. Соңғы турда "Шахтер" - "Қайрсар", "Оқжетпес" - "Тараз", "Астара" - "Ертіс" өзара кездесу өткізеді. 





  0