FIFA мен ҚФФ "Тараз" клубынан 6 ұпайды алып тастады

FIFA мен ҚФФ "Тараз" клубынан 6 ұпайды алып тастады

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы FIFA тәртіп комитетінің шешімін орындау негізінде Қазақстан футбол Федерациясы атынан түскен "Тараз" ФК-нан алты ұпайды алу жөніндегі өтініштің орындалғандығы туралы хабарлайды.

ҚФФ-ның бұл өтінішіне сәйкес, FIFA тәртіп комитеті Обиора Одита ойыншысы алдындағы қарызды өтеу шешімін орындамағаны үшін  "Тараз" футбол клубын алты ұпайдан айырды.

ҚКФЛ 2017 жылғы Премьер-лига клубтары арасындағы Чемпионаттың жарыс кестесіне сәйкес өзгертулерді енгізді.


  0