Станимир Стойлов "Астанадан" кетуі мүмкін

Стойлов қайта "Левскиді" жаттықтыруы мүмкін.

Болгариялық "Левски" клубының қожайыны Спас Русев келер жылы командасына елодалық "Астана" клубының бас бапкері Станимир Стойловты шақыруға ниетті. Бұл туралы ол Sportal.bg порталына берген сұхбатында айтты. 

"Расында, біз Стойловты командаға шақыруға ниеттіміз. Алайда бұл жылы емес, келер жылы. Мен Любко Петровичтің ("Левски" командасының бұрынғы бапкері - ред) кеткенін қалаған жоқпын. Керісінше оның маусымның соңына дейін жұмыс істегенін қаладым. Мен ылғи да командамызда Венгер немесе Фергюсон секілді бапкерлердің болғанын армандаймын. Бірақ Петрович кетті. Қазір команданы Елин Топузаков жаттықтырып жүр. Ол маусымның соңына дейін ғана жұмыс істейтін шығар. Одан кейін біз Стойловты командаға қайта шақыратын боламыз" , - дейді Русев сұхбатында. 

Айта кетейік, Станимир Стойлов 2003 және 2008 жылдар аралығында "Левски" командасын жаттықтырған еді. Ал "Астана" сапына 2014 жылы келген болатын. Бапкердің елодалық клубпен келісімшарты 2017 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. 





  0