"Алтай" ПСЖ клубының түлегімен келісімшарт жасады

Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Шығысқазақстандық "Алтай" клубы француз ойыншысы Мохаммед Ламане Диаррамен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

24-жастағы жартылайқорғаушы Гвинея елінің тумасы болғанымен, Францияның азаматтығын алған. Тарихи отанының Ұлттық құрамасы сапында 11 кездесуге қатысқан. "Пари Сен-Жермен" клубының түлегі франциялық команданың екінші құрамында 50-ден аса матч өткізіп, 5 мәрте көзге түскен. 2012/13 жылдан бастап төрт жыл қатарынан Дания біріншілігінде өнер көрсетті.


  0