"Атырау" шабуылшысы Беларусь клубына ауысты



Ел біріншілігінде өнер көрсететін "Атырау" клубының шабуылшысы Александр Макась Беларусь біріншілігінде өнер көрсететін "Торпедо"- БелАЗ командасын ауысты. Бұл туралы беларуссиялық клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

25 жастағы шабуылшы Қазақстан біріншілігіне өткен жылы ауысып келген болатын. Оған дейін  МТЗ-РИПО, "Минск", "Минск-2" секілді клубтардың сапында өнер көрсеткен. 

Өткен маусымда Александр Макась "Атырау" сапында 24 кездесуге қатысып, 1 гол соққан. Жодинолық клубтың сайты таратқан мәлімет бойынша, клуб шабуылшымен бір жылдық келісімшарт жасапты. 



  0