"Астананың" тағы бір легоинері командадан кетуі мүмкін



Елодарлық "Астана" клубының қорғаушысы Игорь Шитов карьерасын Беларусь біріншілігінде жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы pressball.by басылымы хабарлап отыр. 

Басылымның таратқан мәліметі бойынша, 30 жастағы қорғаушыға солигоскінің "Шахтері" қызығушылық білдіріп отыр екен. Шитов ол командаға 2017 жылдың соңына дейін жалға берілуі де мүмкін. 

Қазіргі уақытта Шитов "Астана" клубымен БӘА-де оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. Қорғаушының астаналықпен клубпен 2018 жылдың соңына дейін келісімшарты бар. 

Шитовты "Шахтер" сапына оның бұрынғы бапкері Олег Кубраев шақырып жатқан көрінеді. Бұл маманмен қорғаушы "Торпедо" сапында бірге жұмыс істеген. 

Айта кетейік, бұған дейін солигорскілік "Шахтер" сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко ауысқан болатын. 

Ал "Астана" сапынан жартылай қорғаушы Рохер Каньяс АПОЭЛ клубына ауысты. Колумбиялық футболшы кипрлік командаға 2017 жылдың соңына дейін жалға беріліпті. 




  0