Каньяс АПОЭЛ-дің қымбат футболшыларының қатарына қосылды



Елордалық "Астананың" бұрынғы ойыншысы Рохер Каньяс АПОЭЛ командасының сапындағы қымбат футболшылардың тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Немістің танымал Transfermarkt сайтының мәліметіне сүйенсек, Рохер Каньястың құны – 2 миллион еуроға тең. Бұл АПОЭЛ футболшыларының ішіндегі екінші көрсеткіш. 2,5 миллион еуроға бағаланған Седрик Ямбере қымбат футболшылардың тізімін бастап тұр.

Ал АПОЭЛ клубының жалпы құны 17,7 миллион еуроға тең.


  0