Қазақстандағы ең қымбат футболшылардың бірі сербиялық клубқа ауысты

Герсон Асеведо "Қайрат" клубымен келісішартын бұзыпты.

Алматылық "Қайрат" командасының жартылай қорғаушысы Герсон Асеведо Сербияның "Црвена Звезда" командасының сапына қосылады, деп жазады MozzartSport порталы.

Сербиялық басылымының мәлімдеуінше, чилилік футболшы "Қайрат" клубымен келісішартын бұзған. Сол себепті, "Црвена Звездаға" Герсон Асеведо тегін ауысады. Сербиялық команданың басшылығы бұл трансфер жайлы ақпаратты қатаң түрде құпия ұстағанды жөн көріпті. Дегенмен, бүгін Асеведоның Сербия чемпионатында өнер көрсететіні белгілі болды.

Айта кетейік, 28 жастағы чилилік ойыншы 2006 жылы кәсіби мансабын бастаған. 2006-2009 жылдар аралығында отанында өнер көрсеткен. 2010 жылы Ресей чемпионатына ауысып, "Урал" және "Мордовия" командаларында ойнады. Өткен жылы "Қайрат" сапына ауысып келген болатын. Алайда өз деңгейінде ойнай алмай, жанкүйерлердің көңілінен шықпады.


  0