Иво Иличевич - еліміздегі ең қымбат футболшылардың қатарында

Бұл футболшыдан бөлек Қазақстанның ең қымбат деген футболшыларының қатарына үш футболшы қосылды.

Немістің Transfermarkt.de сайтының мәліметінше, алматылық "Қайраттың" сапына жаңадан қосылған хорватиялық футболшы Иво Иличевич 1,5 миллион еуроға бағаланған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан Премьер-Лигасының ең қымбат футболшыларының тізімін сербиялық Неманья Максимович бастап тұр. Оның құны  — 3 миллион еуро. Артынша 2 миллион еуро тұратын "Қайрат" футболшылары Жерар Гоу мен Герсон Асеведо және "Ақтөбенің" ойыншысы Мануэль Торрес келеді.

Қазақстан Ұлттық құрамасы мен алматылық "Қайраттың" капитаны Бауыржан Исламхан бесінші сатыға жайғасқан. Ал Иво Иличевич әріптесі Исаэль және "Астананың" футболшысы Агим Ибраимимен 6-шы орынды бөлісіп тұр.
Қазақстан Премьер-Лигасының ең қымбат 10 футболшысы.

Қазақстан біріншілігіндегі ең қымбат ойыншылардың ондығы:

1. Неманья Максимович ("Астана", Сербия) — 3 миллион еуро
2-3-4. Жерар Гоу "Қайрат", Кот-д’Ивуар), Герсон Асеведо ("Қайрат", Чили), Мануэль Торрес ("Ақтөбе", Аргентина) — 2 миллион еуро
5. Бауыржан Исламхан ("Қайрат", Қазақстан) — 1,8 миллион еуро
6-7-8. Агим Ибраими ("Астана", Македония), Исаэль ("Қайрат", Бразилия), Иво Иличевич ("Қайрат", Хорватия) – 1,5 миллион еуро
9. Аздрен Лулаку ("Астана", Македония) – 1,4 миллион еуро
10. Жуниньо ("Ақтөбе", Бразилия) – 1,3 миллион еуро


  0