АПОЭЛ бұрыннан Каньясқа қызығушылық танытып жүрді - Станимир Стойлов

Станимир Стойлов Рохер Каньястың АПОЭЛ сапына не себепті ауысқандығын айтып берді.

"Астана" клубының жаттықтырушысы Станимир Стойлов жартылай қорғаушы Рохер Каньястың кипрлік АПОЭЛ командасының сапына ауысуы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бірінші кезекте Каньястың командаға сіңірген еңбегін атап өткен жөн. Ол біз үшін өте бағалы ойыншы. Өздеріңіз білетіндей, клубымыз Иван Милевскиймен келісімшартқа отырғандықтан, бапкерлер құрамының шешімімен маусымның алғашқы бөлігінде командаға тез бейімделуі үшін осы ойыншыға басымдық беруді ұйғардық. Ал, кипрлік ұжым болса Рохерге көптен бері көз тігіп жүргендіктен және команда Европа Лигасындағы жолын жалғастырып, өз біріншіліктерінде чемпиондық аттаққа таласып жатқандықтан, бұл шешім клуб үшін де, ойыншы үшін де пайдалы болады деп шештік. Рохер жазда клубымызға келеді.", - дейді Стойлов елордалық команданың ресми сайтына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, болгар маманы "Астана" командасының оқу-жаттығу жиындары жайында да айтып өтті.

"Жаңа жылдан кейін команда бірінші рет жаттығу жұмыстарын Дубайда өткізіп жатыр. Бұл жерде біз үшін өте қолайлы жағдай жасалған. Жаттығу жұмыстары жоспарға сай өтуде. Әзірге барлығы көңілімнен шығуда", - дейді бапкер. 

Айта кетейік, 26-жастағы колумбиялық футболшы АПОЭЛ сапына 2017 жылдың 31 мамырына дейін жалға берілген.



  0