Каньястың АПОЭЛ-ге ауысқанын "Астана" да растады



Елордалық "Астана" өзінің сайтында ресми түрде Рохер Каньястың АПОЭЛ сапына ауысқанын мәлімдеді. 

""Астана" командасы кипрлік  АПОЭЛ-ге  орталық жартылай қорғаушы Рохер Каньясты жалға беру үшін келісімге қол қойды. Жалға беру уақыты 2017 жылдың 31 мамырына дейін", - клубтың ресми сайтында шыққан ақпаратта. 

Жаңа клубының қатарында колумбиялық жартылай қорғаушы 80-ші нөмірмен өнер көрсететін болады.

Екі клуб арасындағы келісімшартта АПОЭЛ командасының алдағы уақытта жартылай қорғаушыны түбегейлі сатып алуға мүмкіндігі бар екен. Еске салайық, 2016 жылдың тамызында Каньяс "Астанамен" келісімшартын 2018 жылдың соңына дейін созған еді. 

Айта кетейік, Рохер Каньяс "Астана" сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Елордалық ұжыммен ол үш рет Қазақстан чемпионы атағып жеңіп алды. Одан бөлек, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында өнер көрсетті.

"Астана" клубына ауысарға дейін ол екі жыл қарағандылық "Шахтердің намысын қорғады. Қарағандылық командамен ол 2012 жыл ел чемпионы атанды. Жалпы 26 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасында 143 кездесу өткізіп, 19 гол және 14 нәтижелі пас берген




  0