Жаңа белесті бағындыруға дайынмын - Рохер Каньяс



Бүгін ел чемпионы "Астананың" колумбиялық жартылай қорғаушысы Рохер Каньястың Кипрдің АПОЭЛ командасына ауысқандығы белгілі болды.

26 жастағы футболшы АПОЭЛ клубына 2017 жылдың соңына дейін жалға берілді. Жаңа командасына келе салысымен жартылай қорғаушы "Астана" клубына алғысын айтып, әлеуметтік желіде жаңа белестерді бағындыруға дайын екенін жазды. 

"Астанаға" рақмет. Мен енді жаңа белесті бағындыруға дайынмын! Біз бір қадам алға жылжыдық. Құдайға шүкір" - деп жазды Каньяс өзінің Инстаграмм парақшасында. 

Айта кетейік, Рохер Каньяс "Астана" сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Елордалық ұжыммен ол үш рет Қазақстан чемпионы атағып жеңіп алды. Одан бөлек, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында өнер көрсетті.

"Астана" клубына ауысарға дейін ол екі жыл қарағандылық "Шахтердің намысын қорғады. Қарағандылық командамен ол 2012 жыл ел чемпионы атанды. Жалпы 26 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасында 143 кездесу өткізіп, 19 гол және 14 нәтижелі пас берген.


  0