ЦСКА-ның сынағынан өте алмаған шабуылшы "Ақтөбе" сапына қосылды

Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Футболдан ел біріншілігінде өнер көрсететін "Ақтөбе" клубының қатарына 18-жастағы шабуылшы Абдулла Джафар қосылды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Буркино-Фасо елінің шабуылшысы спорттық карьерасын өз еліндегі "Саннуа" командасында бастаған. "Ақтөбе" сапына келерге дейін ол мәскеулік ЦСКА клубы бапкерлерінің бақылауларынан өткен. Бірақ ресейлік команда бапкерлерінің көңілінен шықпаған. 

Егер алдағы уақытта Абдулла Джафар "Ақтөбе" клубымен келісімшарт жасайтын болса, онда ол Қазақстан біріншілігінде ойнаған екінші Буркино-Фасо елінің футболшысы атанады. Айта кетейік, бұған дейін бұл елден біздің біріншілікте Аристид Бансе деген футболшы ойнаған еді. 





  0