Каньяс ресми түрде АПОЭЛ сапына ауысты

Футболшы АПОЭЛ сапында 2017 жылдың соңына дейін өнер көрсететін болады.

Елордалық "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс ресми түрде АПОЭЛ сапына ауысты. Бұл туралы кипрлік клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

26 жастағы футболшы бүгін АПОЭЛ сапында медициналық бақылаудан өтіп, келісімшарт жасапты. "Астана" клубы футболшыны 2017 жылдың соңына дейін жалға берген. 



Жаңа клубының қатарында колумбиялық жартылай қорғаушы 80-ші нөмірмен өнер көрсететін болады. 



Айта кетейік, Рохер Каньяс "Астана" сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Елордалық ұжыммен ол үш рет Қазақстан чемпионы атағып жеңіп алды. Одан бөлек, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында өнер көрсетті.

"Астана" клубына ауысарға дейін ол екі жыл қарағандылық "Шахтердің намысын қорғады. Қарағандылық командамен ол 2012 жыл ел чемпионы атанды. Жалпы 26 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасында 143 кездесу өткізіп, 19 гол және 14 нәтижелі пас берген.






  0