Каньястың АПОЭЛ клубымен келіссөз жүргізіп жатқаны расталды

"Астана" клубының жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс АПОЭЛ сапына ауысады.

Футболдан елордалық "Астана" клубының жартылай қорғаушы расында АПОЭЛ клубымен келіссөздер жүргізіп, жуық арада грекиялық клубтың сапына өтуі мүмкін. Футболшының қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатқанын АПОЭЛ клубы да растады, деп хабарлайды Vesti.kz

Еске салайық, бұған дейін Каньяс грекиялық клубқа жарты жылға жалға берілетіні белгілі болған еді. Кипрлік БАҚ-ның мәліметі бойынша, АПОЭЛ "Астана" командасымен бұл трансфердің барлық мәселесін шешкен екен. Ал келісімшартта грекииялық клубтың футболшыны толық сатып ала алады деген жері де бар. 

"14:00-де (Астана уақытымен 16:00) Кипрге "Астананың" жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс келеді. Біздің команданың қатырына қосылу үшін келіссөздер жүргізеді", - деп ақпарат таратты бүгін АПОЭЛ-дің ресми твиттері. 

Айта кетейік, Рохер Каньяс "Астана" сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Елордалық ұжыммен ол үш рет Қазақстан чемпионы атағып жеңіп алды. Одан бөлек, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында өнер көрсетті. 

"Астана" клубына ауысарға дейін ол екі жыл қарағандылық "Шахтердің намысын қорғады. Қарағандылық командамен ол 2012 жыл ел чемпионы атанды. Жалпы 26 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасында 143 кездесу өткізіп, 19 гол және 14 нәтижелі пас берген. 







  0