"Ньюкаслдың" жартылай қорғаушысы қазақстандық клубтардың біріне ауысуы мүмкін

Бұл туралы The Shields Gazette басылымы хабарлап отыр.

Ағылшындық "Ньюкасл" мен Кот-д'Ивуар құрамасының жартылай қорғаушысы Шейт Тиоте қазақстандық клубтардың біріне ауысуы мүмкін. Бұл туралы The Shields Gazette басылымы хабарлап отыр. 

Басылымның мәліметі бойынша, футболшыға Қазақстан және Қытай біріншілігінде өнер көрсететін клубтар қызығушылық білдіріп отыр екен. Ал "Ньюкаслдың" бас бапкері Рафаэль Бенитес болса жартылай қорғаушының командадан кететін растады. 

"Тиотеге бірнеше клуб қызығып отыр. Оның мәселесін біз бірер күнде шешеміз", - дейді Бенистес. 

30 жастағы Тиоте биыл Чемпионшипта "Ньюкасл" командасының сапында бар болғаны 16 минут ғана ойнады. Жалпы ивуарлық футболшы осы уақытқа дейін Ағылшын-Премьер лигасынла 138 кездесу өткізіп, 1 гол соққан. 




  0