"Астана" шабуылшысы еуропалық клубтардың біріне ауысуы мүмкін

Бұл туралы The Guardian басылымы хабар таратты.

The Guardian басылымының пайымдауынша елодалық "Астана" клубының шабуылшысы Жуниор Кабананга Африка ұлттары кубогынан кейін еуропалық клубтардың біріне ауысуы мүмкін. 

Еске сала кетейік, Африка ұлттары кубогының топтық кезеңінде Кабананга үш гол соғып, әзірше жеке-дара турнирдің сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр. 

"Африка ұлттары кубогында жақсы ойнаған футболшыларды сатып алу үнемі сәтті бола бермейді. Бірақ Конгоның бұл турнир барысындағы ойынынан кейін бұл ұжымның футболшыларына скауттар тарапынан қызығушылықтың болатыны анық. Бұл турнирде "Фулхэм" футболшысы Несскенс Кебанодан бөлек, Жуниор Кабананга да керемет өнерімен көзге түсіп жатыр. Егер жақсы ұсыныс түсіп жатса, "Астана" клубы оны сататын шығар. Дегенмен де оның келісімшарт жазға дейін ғана. Содан кейін футболшы басқа командаға тегін ауысуы мүмкін", - деп жазады The Guardian

Айта кетейік, Кабанага турнирдің топтық кезеңдегі таңдаулы құрамасына енген еді. Ал оның құрамасы "қара "құрлықтың" басты додасының ширек финалында Гана құрасымен кездеседі. Бұл ойын 29-қаңтарда өтеді. 

27 жастағы Жуниор Кабананга "Астана" сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақытта дейін ол ел біріншілігінде жалпы 26 кездесуге қатысып, 13 гол және 10 нәтижелі пас берген. 

Биылғы маусымның бірінші жартысын ол түріктің "Карабюкспор" командасында ойнаған еді. Оған дейін бельгиялық "Серкль Брюгге", "Руселаре", "Беерсхот" және "Андерлехт" секілді командалардың намысын қорғаған. 




  0