"Ақтөбе" Седрик Гогуа үшін 500 мың еуроға шығындалыпты

Футболшы "Ақтөбемен" ресми келісімшарт жасады.

"Ақтөбе" клубы тағы бір футболшымен толықты. Бұл жолы командамен ивуарлық қорғаушы Седрик Гогуа келісімшарт жасады, деп хабарлайды MozzartSport басылымы. 

Басылымнай таратқан мәліметі бойынша, клуб пен футболшы ресми келісімшарт жасап қойған. Ал 24 жастағы қорғаушы үшін оның бұрынғы клубы "Партизан" "Ақтөбе" клубынан 500 000 еуро алады екен. 

Одан бөлек, футболшы команда ішіндегі тәртіпті бұзғаны үшін (рұқсатсыз командадан кетіп қалған) өз қалтасынан 300 000 мың еуро төлейді. 

Айта кетейік, Седри Гогуа карьерасын ивуарлық "Африка Спорт" клубында бастаған. Содан кейін "Иссиа Вази" (Кот-д’Ивуар), СИК (Финляндия), "Керхо 07" (Финляндия) және сербиялық "Партизан" клубы сапына өнер көрсеткен. 


  0