"Шахтер" сербиялық жартылай қорғаушымен келісімшарт жасады



Қарағандылық "Шахтер" сербиялық жартылай қорғаушы Марко Станоевич келісімшарт жасады. Бұл туралы сербиялық клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

28 жастағы футболшы өткен аптаның басында команда қатарына келіп қосылған болатын. Бүгін клуб пен жартылай қорғаушы ресми түрде бір жылдық келісімшартқа қол қойыпты. 

Марко Станоевич өткен маусымда Сербия біріншілігінде өнер көрсететін "Рад" (Белград) командасында ойнаған екен. Ал, оған дейін "Әл-Фатех" (Сауд Арабиясы), "Шериф" (Румыния), "Симург" (Әзірбайжан), "Лактаси" (Босния және Герцеговина) командаларының намысын қорғаған. 




  0