"Анжидің" жартылай қорғаушысы "Қайратқа" ауысы ықтимал



Ресейлік "Анжи" клубының хорватиялық жартылай қорғаушысы Иво Иличевич алматылық "Қайрат" сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" басылымы хабарлайды. 

Басылымның таратқан мәліметі бойынша, жуық арада жартылай қорғаушы алматылық клуб сапында медициналық бақылаудан өтіп, содан кейін келісімшарт жасайды екен. 

Айта кетейік, биылғы маусымда Иличевич "Анжи" сапында Ресей біріншілігінің 14 кездесуіне қатысып, 3 мәрте гол соққан. Бірақ команда басшылығы ауысқаннан кейін клуб бұл ойыншыны трансферге шығарып қойған. 




  0