Бауыржан Байтана "Ақтөбеге" ауысты



"Тараз" футбол мектебінің түлегі Бауыржан Байтана ресми түрде "Ақтөбе" сапына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

24 жастағы жартылай қорғаушы желтоқсан айынан бері "Ақтөбе" сапында бақылаудан өткен болатын. Бүгін ол ресми түрде клубпен келісімшарт жасапты. Бірақ футболшы командасымен шартнаманы қанша уақытқа жасағаны белгісіз болып тұр. 

Өткен маусымда Бауыржан Байтана әулиеаталық "Тараз" сапында өнер көрсетен болатын. Алайда маусымның бірінші бөлігінен кейін белгісіз себептерге байланысты команданың дубльіне түсіп қалды. Сөйтіп, жалпы өткен жылы ол ел біріншілігінің 15 кездесуіне ғана қатысып, 1 рет нәтижелі соққысымен көзге түсті. 

Ал, оған дейін жартылай қорғаушы "Атырау", "Сұңқар", "Тобыл" және "Қайрат" командаларының намысын қорғаған еді. 


.




  0