"Қайрат" жаттығу жиындары барысында төрт жолдастық кездесу өткізеді



Түркия жерінде екінші жаттығу жиындарына кіріскен алматылық "Қайрат" дайындық барысында төрт жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты

Алматылық ұжым бірінші жолдастық кездесуін словакиялық ДАК клубына қарсы өткізеді. Ойын 28 қаңтарға жоспарланған. 31 қаңтар күні "Қайрат" чехиялық "Фастав Злин" клубымен кездессе, 5 ақпан күні болгариялық "Славия" командасымен ойнайды. Ал, жаттығу жиындары барысындағы соңғы жолдастық кездесулерін Кахабер Цхададзе шәкірттері 8 ақпан күні "РНК Сплит" командасына қарсы өткізеді. 

Айта кетейік, "Қайраттың" Түркия жеріндегі екінші жаттығу жиындары кеше басталған еді. Команда екінші дайындық жұмыстарын 8 ақпан күні аяқтайды. 






  0