Кабананга Африка кубогының үздік сұрмергені атанып тұр

Кабананга топтық кезеңде өткізген үш ойында үш голмен көзге түсті.

Елордалық "Астана" мен Конго Демократиялық Республикасының шабуылшысы Жуниор Кабананга Габонда өтіп жатқан Африка кубогының үздік сұрмергені атанып тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазіргі уақытта Кабананганың еншісінде топтық кезеңнің үш ойынынан кейін үш гол бар. Бұл көрсеткішпен ол Рияд Марез, Ислам Слимани (екеуі де Алжир), Садио Мане (Сенегал), Пьер-Эмерик Обамеянг (Габон) және Наим Слити секілді шабуылшылардың алдына шығып, турнирдің үздік сұрмергені атанып тұр. 

Кабананга топтық кезеңде өткізген үш ойында үш голмен көзге түсті. Ал Конго құрамасы болса топтық кезеңнің қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, бірінші орынмен ХХХІ рет өтіп жатқан Африка ұлттары кубогының плей-офф кезеңіне шықты. 







  0