Сенегал құрамасының бұрынғы қорғаушысы "Ақтөбе" сапына қосылды

Гуйе өткен маусымда ресейлік "Ростов" сапында ойнаған еді.

Сенегал құрамасының бұрынғы қорғаушысы Папа Гуйе Түркия жерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан "Ақтөбе" сапына қосылды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты

32 жастағы қорғаушы Қазақстанның бес дүркін чемпиондарының қатарына бүгін қосылды. Енді ол команда бапкерлерінің бақылауынан өтетін болады. Егер ол бапкерлер көңілінен шығып жатса, командамен келісім-шарт жасауы ықтимал. 

Айта кетейік, Гуйе өткен маусымда ресейлік "Ростов" сапында ойнаған еді. Ресей біріншілігінде ол төрт ғана кездесуге қатысты. Ал, оған дейін ол 11 жыл Украина біріншілігінде "Волын", "Металлист" және "Днепр" секілді командалардың намысын қорғаған. 

Папа Гуйе Сенегал құрамасында сапында 5 кездесу өткізген. Қорғаушы ең алғаш рет ұлттық құрамасына 2012 жылы шақырту алған. 2014 жылдан бастап ұлттық құрамаға іліге алмай келеді. 

Клуб ішіндегі дереккөздің мәліметі бойынша, сенегалдық қорғаушыны "Ақтөбеге" Игроь Рахаевтың өзі шақырған көрінеді. Бұл екі азаматтың "Металлист" клубында жолдары түйіскен. 

Айта кетейік, бұған дейін "Ақтөбе" аргентиналық жартылай қорғаушы Чако Торрес, бразилиялық қорғаушы Жуниньо және шабуылшы Диас Морейра Кассиано келісімшарт жасаған еді. 






  0