Қазақ клубтары Болгария құрамасының шабуылшысымен келіссөздер жүргізіп жатыр

Шабуылшының қазіргі клубы "Нефтохимик" оны 80 000 еуроға бағалап отыр.

Қазақстандық клубтардың бірі Болгария құрамасының шабуылшысы Венцислав Христовпен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Azerisport.com порталы хабарлайды.

Порталдың мәліметі бойынша, шабуылшының қазіргі клубы "Нефтохимик" оны 80 000 еуроға бағалап отыр. Ал, Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, Христовтың футбол нарығындаңы бағасы 450 мың еуро екен. 

Айта кетейік, 28 жастағы шабуылшы бұған дейін "Металлург" (Донецк) "Риека" (Хорватия), "Скендербеу" (Албания) және болгариялық "Левски", "Локомотив" (София), "Спортист" (Своге), "Несебыр", "Монтана", "Черноморец" (Бургас), "Берое" сынды командаларда ойнаған. 

Ұлттық құрама сапында Христов бірінші кездесуін 2014 жылдың 4 тамызында Македония құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуде өткізі. Сол уақыттан бері ол құрама сапында 8 ойынға қатысып, 1 гол соққан. 









  0