Жуниньо - Қазақстандағы ең қымбат он футболшының қатарына қосылды

Бразилиялық қорғаушы футбол нарығында 1,5 миллион еуроға бағаланып отыр.

"Ақтөбе" клубымен жуырда ғана келісімшарт жасаған бразилиялық қорғаушы Жуниньо Қазақстандағы ең қымбат он футболшының қатарына қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Немістің Transfermarkt порталы ұсынған мәлімет бойынша, Жуниньоның футбол нарығындағы құны - 1,5 миллион еуро. Осылайша, ол Агим Ибраими ("Астана") және Исаэль ("Қайрат") секілді футболшылармен бірге Қазақстандағы ең қымбат футболшылар тізімінде жетінші орынға жайғасты. 

Еске салайық, қазіргі уақытта еліміздің ең қымбат футболшысы деген атақ "Астана" футболшысы Неманья Максимовичке тиесілі. Оның құны - 3 миллион еуро. 2,5 миллион еуроға бағаланып отырған Герсон Асеведо мен Жерар Гоу (екеуі де "Қайрат") екінші орында тұр. 

Үшінші орында жуырда ғана сол "Ақтөбе" сапына ауысқан Чако Торрес пен "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс екеуара бөлісіп отыр. Олардың бағасы - 2 миллион еуро. 

Айта кетейік, "Ақтөбе" клубы бразилиялық қорғаушы Жуниньодан бөлек, өткен аптаның соңында бразилиялық шабуылшы Диас Морейра Кассиано де келісімшарт жасаған еді. 




  0