Торрес - Қазақстандағы ең қымбат бес футболшының қатарына қосылды

Торрестің футбол нарығындағы құны 2 миллион еуроға бағаланып отыр.

Бүгін ғана "Ақтөбе" клубының қатарын толықтырған аргентиналық аяқдопшы Хуан Мануэль Торрес Қазақстандағы ең қымбат деген бес футболшының қатарына қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Немістің Transfermarkt.de порталының мәліметі бойынша, 31-жастағы футболшының футбол нарығындағы құны - 2 миллион еуро екен. 

Осылайша ол Неманья Максимович "Астана" (3 миллион еуро), Жерар Гоу және Герсон Асеведо "Қайрат" (2,5 миллион еуро) сынды футболшылардан кейін 2 миллион еуро тұратын "Астана" ойыншысы Рохер Каньяспен бесінші орынды бөлісіп тұр. 

Айта кетейік, Чако Торрес соңғы рет Еуропа жерінде "Металлист" сапында ойнаған еді. Харьковтік клуб сапында ол 45 кездесу өткізіп, 1 гол соққан. Оның алдында "Расинг" (Авельянеда), "Сан-Лоренсо де Альмагро" командаларында өнер көрсеткен. Жартылай қорғаушының соңғы клубы аргентиканлық "Атлетико" командасы болған еді. Бірақ, бұл клубтың сапынта ол небәрі 5 ойынға ғана қатысты.

Сондай-ақ Чако Торрес Лионель Месси, Серхио Агуэро және Пабло Сапалета сынды әлем футболының жарық жұлдыздарымен Аргентина жастар құрамасы сапында бірге ойнап, 2005 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған.



  0