ҚФФ бұрынғы президенті Алматы әкімдігіне қызметке тағайындалды

Оның соңғы қызметі Мәдениет және спорт вице-министрі.

Ерлан Қожағапанов Алматы әкімінің орынбасары болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ерлан Қожағапанов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде бұл позицияда болған Ерлан Әукенов өз еркімен қызметінен кетті.

51 жастағы Ерлан Қожағапанов 2013-2016 жылдары-ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті.

2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін-ҚР премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2017 жылдан ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болды.


  0