Әлімханұлы АҚШ-тағы жекпе-жегіне қаза болған ресейлік боксшының құрметіне арнайы киіммен шығады

Жекпе-жек 17 тамызда болады

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегіне қаза тапқан ресейлік боксшы Максим Дадашевтің құрметіне деп, киіміне оның суретін тіктіріп шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Жекпе-жекте киетін шортыға @dadashev__m бауырымыздың суретін тіктірттік. Жақсы адамдарды ұмытпаймыз. Бір бапкерде жаттықтық, екеуміз бір промоутерде, бір менеджерде болдық. Арамыздан кетсе де жүректе қалады! Иманды болсын!" - дап жазған боксшы.














Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от TEAM JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly_team)





Сонымен қатар, орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) АҚШ-та міндетті түрде салмақ өлшеу рәсімінен өтті.


Қазақстандықтың салмағы 72,12 келіні көрсетті, оның қарсыласы - 32 жастағы канадалық Стюарт МакЛеллан (27-3-3, 11 КО) дt сондай салмақта болып шықты.


Әлімханұлы мен канадалық Стюарт МакЛеланның жекпе-жегі 17 тамызда Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасында өтеді. Кездесу он раундқа есептелген.


Бұл жекпе-жекті тікелей эфирде QazSport телеарнасы көрсетеді. Қазақстандық уақыт бойынша ол 18 тамызда таңертең өтеді.



  0