Сарапшы Головкин мен орта салмақтағы "Елестің" жекпе-жегіне болжам жасады



Танымал BoxingScene.com порталының сарапшысы Стивен Эдвардс орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен оның бұрынғы әріптесі америкалық Келли Павлик арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы туралы пікірін білдірді, - деп  хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

37 жастағы "Елес" лақап атымен танымал Павлик 2000 жылдың маусымында профи рингінде дебют жасаған. 2012 жылы бокстан кеспей тұрып ол барлығы 42 жекпе-жек өткізген, оның екеуінде жеңіліс тапқан, боксшының еншісінде 34 нокаут бар. Бұрын орташа салмақтағы WBC және WBO титулының иегері болған.

"Менің ойымша, Головкин мен Павликтің жекпе-жегі болса, рингте нағыз соғыс болар еді. Бірақ GGG әлдеқайда тартымды, талантты және қолы ауыр. Геннадийді спортшы ретінде тұтас көруге болады. Бірақ Павлик те 2007 жылы өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Десе де мен Головкин соңғы раундтарда әдемі нокаутпен жеңер еді деймін", - деп жазды автор өзінің дәстүрлі айдарында.


  0