Бұл алтын медальдің мен үшін орны бөлек - Ғалымжан Қырықбай

Ғалымжан Қырықбай Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, турнирден алған әсерін бөлісті.

Неапольда өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салған дзюдошы Ғалымжан Қырықбай Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, турнирден алған әсерін бөлісті. 

"Турнир өте тартысты өтті. Өз салмағымда жеңіліп қалған соң, абсолютті салмақта барымды салдым. Қарсыластарымның бәрі қарымды. Ешбір кездесу оңай болған жоқ. Мұндай ірі турнирлерде бұрын-соңды медаль алмағанмын. Сондықтан, ерекше күйдемін қазір. Алыстағы ата-анамның, бапкерлерімнің үмітін ақтағаным үшін қуаныштымын", - дейді Ғалымжан.


  0